Бүгін мектебімізде "Үздік педагог-2023" байқауы өтті. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін мектебімізде "Үздік педагог-2023" байқауы өтті.
17
мамыр
2023

Бүгін мектебімізде "Үздік педагог-2023" байқауы өтті.

Бүгін мектебімізде "Үздік педагог-2023" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Үздік педагогтарды анықтау, зияткерлік және шығармашылық қызметтің жаңа формаларын іздеу, кәсіби шеберлігі, тәжірибесімен бөлісу.  Байқау 4 кезең бойынша өтті. 
1.500 сөзден аспайтын эссе
2. Портфолио (электронды түрде)
3. Сабақтың ҚМЖ-сы мен бейнеролигі
4. Педагогтың озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау бейнебаяны.
   Бағалау критерийлері:
 -Оқыту әдістемесінің практикалық жағы мен нәтижелілігі (оқушылардың жетістігі).
- Ашық сабақ тақырыбының өзектілігі.
- Презентацияның жоғары деңгейі және көркемдік стиль.
- Педагогикалық идеялардың бірегейлігі, оқыту әдістемелерінің бірегейлігі.
- Кәсіби эрудиция.
   Әділ қазылар алқасының мүшелері:
Директордың оқу ісінің орынбасары Сайлыбаева С.У. 
Математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Нусипкожаева Б.Б.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Нұрсайынқызы Ә.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі , педагог-зерттеуші Ерманова М.Т.
Бастауыш сынып мұғалімі,  педагог-зерттеуші Бимағамбетова М.Ж.
   Бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай,  бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, ұстаздарымыз сайысқа түсіп, келесі орындармен мараппаталды.
   Бас жүлде Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Өтеген Айымжан Нұрғабылқызы.
І ОРЫН. Бастауыш сынып мұғалімі Құлтасова Сымбат Нұрғанатқызы 
ІІ ОРЫН. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Көпбосын Салтанат Мұратқызы
ІІІ ОРЫН. Информатика пәнінің мұғалімі Құрмангелдиева Райхан Батырбековна.
   Ұстаздарымызға еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеніңіздің жемісін көре беріңіздер деп тілек білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: