“Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта ата-аналар тренингін өткізді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта ата-аналар тренингін өткізді.
18
қазан
2023

“Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта ата-аналар тренингін өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімі Джумадуллаева Ақжарқын 
4 “в”сынып ата-аналарымен “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы!” атты заманауи бағытта ата-аналар тренингін өткізді.            Мақсаты: Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау. Әр ата-ана өз баласын тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру,ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру. 
Тренингті Ақжарқын Құрбанәліқызы ата-аналармен көңілді амандасумен бастады.Бұл тренингтің ерекшелігі жиналысқа “Бауырсақ”ертегісінің кейіпкерлерін кіріктіруі. Ата-аналар ойнай отырып,ойланып отырды. QR-kod арқылы әр кейіпкерге тапсырмалар мен ойындар дайындалған, ата-аналар әр кейіпкердің тапсырмасын орындап отырды. Атап айтар болсақ: 
1.Тұлға ойыны
2. Ащы пияз, 
3. Мәтінімен жұмыс
4. Әр оқушыға мінездеме 
5. Жұмбақтың шешуін тап
6. Додэкадр ойыны 
7. Бауырсаққа көмектес ойыны.
  Ата-аналар тренингінің кері байланысында ата-аналар өз ойларын айтып, ойын ойнай отырып ойланып, ой түйіп кеткендерін жазды. Өз ұсыныстарын да айтты.Осындай жиналыстар болып тұрсын деп позитивті көңіл-күймен қайтты.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/294864050036573/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: