"Тәуелсіздік - тірегім, соғып тұрған жүрегім" » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
желтоқсан
2023

"Тәуелсіздік - тірегім, соғып тұрған жүрегім"

№149 жалпы білім беретін мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 3" Д" сынып жетекшісі , жоғары санатты педагог Есжанова Айнұр Болатханқызының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - тірегім, соғып тұрған жүрегім" атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында еліміздің болашағын қалыптастыратын, егемендігіміздің арқасында ойын еркін жеткізуге қалыптасып келе жатқан бүлдіршіндеріміздің пікірін білуге арнайы Бұқаралық ақпарат көзі "Алатау" телеканалы шақырылып, іс-шара барысы түсірілді. Мектеп басшысы Шырынкүл Зейнуллақызы: « Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Өскелең ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту керекпіз. Отанын сүйетін ,ел тарихын білетін ,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлейтін, отанымыздың байлығын қорғайтын, елімізді өркендететін, білімді ұрпақ тәрбиелеу маңызды», - деп айтты. Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, көктуымызды мақтанышпен желбіретті. Елін сүйетін , ана тілін қастерлеп, тәуелсіздіктің тұғырын тайдырмас ұрпақ өсіп келе жатқанын тағы бір дәлелдеп өтті.
https://www.instagram.com/p/C1EMfyTM20n/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: