«Проблемаларды айқындау тәжірибені жақсартуға қалай әсер етеді?» тақырыбында өткізген семинар - коучинг » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Проблемаларды айқындау тәжірибені жақсартуға қалай әсер етеді?» тақырыбында өткізген семинар - коучинг
23
қаңтар
2024

«Проблемаларды айқындау тәжірибені жақсартуға қалай әсер етеді?» тақырыбында өткізген семинар - коучинг

Тарих әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жабылуы салтанаты ұстаздармен тәжірибе алмасу мақсатында семинар-коучингке ұласты. Тарих пәні мұғалімі, коуч Турежанова Алма Байтұяққызы 
 «Проблемаларды айқындау тәжірибені жақсартуға қалай әсер етеді?»  тақырыбында өткізген семинар - коучингте оқушылармен жүргізілген "Лессон стади" сабақтарының нәтижесінің тәжірибені жақсартуға оң әсері бар тұстарын баса көрсетуге назар аудартты. Сабақтарды қызықты өткізуге бағытталған оқушыларды топқа  интерактивті тақта арқылы бөлу, "Сәлемдесудің" түрлі үлгілері арқылы кедергі тудыратын факторларды жою жолдарын анықтау, "Ассоциация" әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбына шығу әдістері ұсынылды. Ән шумақтарын қолдану арқылы кедергілерді жою жолдарын топтық жұмыс барысында анықтады, бірлесе оқу арқылы тапсырмаларды қызыға орындады. "Мектеп өмірінен..." қызықты  бейнефильм көру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы кедергілерді шешу жолдарын айқындады. "Еркін микрофон" әдісін қолдана отыра, өз ойларымен бөлісті, тәжірибелерімен алмасты. "Кедергілерді жеңу" деп аталатын тимбилдинг жаттығуын жасау барысында бірлесе атқарған жұмыс нәтижелі болатындығына көз жеткізді. Коучинг соңында гүл шоқтарын жасау арқылы көрген, ұнаған іс-тәжірибе, әдіс -тәсілдер туралы ой бөлісті. "Qr код" әдісін қолдана отыра, ұялы телефондары арқылы алған әсерлері мен тілектерін жолдады. Коучинг сабақ жоғары методикалық деңгейде өтті. Кеш соңында ұстаздар алғыстарын жаудырды.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/2509086829250818/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: