Жырлайды жүрек » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ақпан
2024

Жырлайды жүрек

М.Мақатаевтың туғанына - 93 жыл толуына орай, “Жырлайды жүрек" атты әдеби сазды кеш өтті. 
Әдеби кештің мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушыларға насихаттау, поэзия әлемі, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Әдеби кешті 9 “А” сынып оқушысы Еркінбекқызы Ағажай  мен 9 “Б”сынып оқушысы Әбен Бағдаулет жүргізді. Ақиық ақынның өлеңдерін  5-6-9 сынып оқушылары нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыса 9 “Д” сынып оқушылары күй шертіп көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. М. Мақатаевтың сөзіне жазылған “Есіңе мені алғайсың”әніне әдемі вальс биі биленді. “Аққулар ұйықтағанда" поэмасына сахналық қойылымы, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Мың бұралған  "Аққу" би тобы өздерінің  биімен көрерменді тәнті етті. Кешке белсене қатысып, өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Бердихожаев алғысын білдіріп, мектеп директорының мақтау қағазымен марапаттады.
Ұйымдастырған, ҚББ педагогы: Базарбаева Г.А.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/410595071465163/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: