6"Г" сыныбында «Күшейткіш үстеу. Себеп-салдар үстеуі. Наурыз туралы хикая» тақырыбында ашық сабақ » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 6"Г" сыныбында «Күшейткіш үстеу. Себеп-салдар үстеуі. Наурыз туралы хикая» тақырыбында ашық сабақ
12
наурыз
2024

6"Г" сыныбында «Күшейткіш үстеу. Себеп-салдар үстеуі. Наурыз туралы хикая» тақырыбында ашық сабақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есназар Таңсұлу Мәуленбекқызы 6"Г" сыныбында «Күшейткіш үстеу. Себеп-салдар үстеуі. Наурыз туралы хикая» тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Оқу мақсаттары тақырыпқа сай таңдалынып алынған. Сабақ барысында «Суретті сөйлетейік» әдісі қолданылды. Бұл әдіс тақырыпты ашу мақсатында қолданылған. Әрі қарай оқушыларға тыңдалым мәтінін алдын ала мұғалімнің өзі аудиожазба ретінде дайындаған таспасы арқылы тыңдатты. Тыңдалымнан кейін мұғалім «Сұрақ-жауап» әдісін қолдана отырып, тыңдалым мәтініне қорытынды жасады. Осыдан кейін, топтық жұмыс жүргізілді, бұл тапсырма барысында оқушылар берілген мәтінді талқылап, плакатқа жаза отырып, қорғап шықты. Бұл тапсырма барысында оқушылар ұлттық ойын, салт-дәстүрімізді тереңдете таныды. Сосын мұғалім балаларға «жеке жұмыс» тапсырмасын берді. Бұл тапсырмада оқушылар өздері танысқан мәтіндерге ой түйін жасап, сөйлем құрады және әр топтан оқушы тақтаға шығып, өз топтарына берілген талдауды жазып шықты. Сабақ соңына таяғанда мұғалім сергіту сәті ретінде «Қонақ кәде» айдарын ұйымдастырды. Бұл ретте өзге сыныптардан шақырылған оқушылар күй тартып, бір серпілтті. Сабақ соңында оқушылар бүгінгі сабаққа «Басбармақ» әдісі арқылы баға берді. Жалпы сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар сабақта қойылған оқу мақсатына жете білді.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/798037355700437/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: