10 «А» сыныбына «Адам және табиғат» деген тақырыпта ашық сабақ өтті » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 «А» сыныбына «Адам және табиғат» деген тақырыпта ашық сабақ өтті
01
наурыз
2022

10 «А» сыныбына «Адам және табиғат» деген тақырыпта ашық сабақ өтті

1.03.2022ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сламбаева Е.Б 10 «А» сыныбына «Адам және табиғат» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Ұйымдастыру кезеңінде  «Сәлемдесу» әдісі арқылы әр елдің өзіндік сәлемдесу әдебін көрсете отырып, оқушылардың бойына  ұлттық құндылықтарды сіңірді. «Сақина салмақ» әдісі арқылы топтарға бөліп, топтың атауын ым-ишарамен оқушыларға жасыртты. Бұл оқушыларды тапқырлыққа үйретті.  1-топ «Адам» тобы А.Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы»,  2-топ «Табиғат» тобы А.Құнанбайұлының «Қыс» өлеңін жатқа оқыды. SMART мақсат қойды. Сабақта кезеңдеріне орай, «Абай домбырасы» әдісі қолданылды. Бұл әдістің өзіндік ерекшелігі тапсырмаларды орындау кезеңінде Абайдың күйлері қойылып тұрды. Күйді тыңдау арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке шақырды.«Интервью» әдісі арқылы 1-тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді.                    
2-тапсырмада топпен жұмыс жасады. «Жүйелі жоспар». Егер «Туған жер» бағдарламасына қатысты іс-шараларды ұйымдастыру саған тапсырылса, неден бастар едің? Осы сұраққа шағын жұмыс жоспарын жасап, сынып оқушыларына таныстырды.  
« ПАДЛЕТ ТАҚТАСЫ» әдісі . 3-тапсырмада мәтінді тыңдады. Екі мәтіннің стилін анықтап, тілдік құралдарына кесте түрінде талдау жасады.  
«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі «Жарнама» тақырыбын оқыды,топта тақырыпты қорғады.6-тапсырма бойынша 1-топ «Рақман қайнары шипажайы туралы жарнаманы қойылым түрінде көрсетсе, 2-топ «Рақман қайнары» тақырыбында слайд арқылы жарнама жасады.
1-топ. 9-тапсырма.2-топ. 10-тапсырма.Мәтінді оқып, сөзжасамдық нормаға сай жазылған сөздерді теріп жазады.
 Сабақты қорытындылау мақсатында «WORDWALL»  әдісі арқылы оқушылардың сабақты қалай меңгергенін тест түрінде тексерді. « Сыр сандық» әдісі бойынша оқушылар сабақтағы SMART мақсатына жеткен жетпегенін айтып, «Алғыс айту» күніне орай, ұстаздарына, сыныптастарына «Құрметтейік», «Аялайық» деген сөздерді қолдана отырып алғыстарын айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: