"Күшейткіш үстеу. Себеп-салдар үстеуі. Наурыз туралы хикая" тақырыбында ашық сабақ » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Күшейткіш үстеу. Себеп-салдар үстеуі. Наурыз туралы хикая" тақырыбында ашық сабақ
14
наурыз
2024

"Күшейткіш үстеу. Себеп-салдар үстеуі. Наурыз туралы хикая" тақырыбында ашық сабақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурбаева Айман Зинатдиновна 6 “Е" сыныбымен "Күшейткіш үстеу. Себеп-салдар үстеуі. Наурыз туралы хикая" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқу мақсаттары тақырыпқа сай алынған. 
Сабақтың мақсаты: оқушыларға наурыз тойының ерекшелігін, тарихи мәнін ұғындыру, патриоттық сезімдерін ояту. 
Тәрбиелік мәні: оқушыларды Отан сүюге, өз елінің тарихын, дәстүрін, ұлттық ойындарын білуге, мейірімділікке, әдептілікке,  үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында "Шаттық шеңбер" топқа бөлуде "Сақина салмақ" әдістері қолданылған. Сабақ барысында  өткен тақырыптар бойынша тақырыпты пысықтау мақсатында, салт-дәстүрлерге байланысты "Атқа мінгізу", “Бата беру" туралы оқушылар қысқаша мәлімет айтып өтті. "Сұрақ жауап" әдісін қолданып, өткен тілдік бағдарды пысықтады. Жаңа сабақ барысында "QR_код" арқылы бейнебаян тыңдалды. Тыңдалым мәтіні бойынша көрініс қою арқылы "Наурыз тойының" ерекшелігін, тарихын түсіне алды. Оқушылар "Күй", "Би" орындау барысында ұлттық салт-дәстүрімізді тереңірек ұғына білді. "Жұптық жұмыс" тақтаға шығып берілген сөздің синонимін тауып, сөйлем құрады. Сабақтың соңында "Наурыз думан" әнін хормен бірге шырқап, ұстаздарды келе жатқан жаңа жыл басы "Наурыз" мерекесімен құттықтады. Үш топ бір-бірін "Басбармақ", "Шапалақ", "Еркін микрафон" әдістері арқылы  бағалады. Сабақ өз деңгейінде өтті.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/792510829438106/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: