«Қазақ әдебиеті пәнінде оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді жолдары» атты студент-практиканттарға арналған шеберлік-сынып өткізді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ әдебиеті пәнінде оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді жолдары» атты студент-практиканттарға арналған шеберлік-сынып өткізді.
18
наурыз
2024

«Қазақ әдебиеті пәнінде оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді жолдары» атты студент-практиканттарға арналған шеберлік-сынып өткізді.

Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері “Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық универсиеті” Филология институтының студенттерімен «Қазақ әдебиеті пәнінде оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді жолдары» атты студент-практиканттарға арналған  шеберлік-сынып өткізді. Тәжірибелі ұстаздар Отенова Дильдаш Демеубекқызы мен Қалбергенова Эльмира Елтайқызы студент-практиканттарды ҚР  білім беру жүйесін реттейтін, анықтайтын оқу бағдарламасы, стандарт, оқу жоспарымен таныстырды. 
Педагог-зерттеуші, Отенова Дильдаш Демеубековна «Оқу бағдарламасының құрылымы. ҰМЖ, ҚМЖ-ның сабақ жоспарлаудағы маңызы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп студенттермен ой бөлісті. Жалпы орта білім беру ұйымдары ұстаздарына міндетті деп табылатын  үш құжат: бұл орта мерзімді жоспар (ОМЖ), ұзақ мерзімді жоспар (ҰМЖ), қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) құрылымына терең тоқталды. №130 бұйрыққа сәйкес ҰМЖ, ҚМЖ жоспарлаудағы  міндетті тармақтарын да айтып өтті.
 Педагог-зерттеуші, Қалбергенова Эльмира Елтайқызы «Қазақ әдебиеті» сабақтарында оқу мақсаттарына жетудің тиімді әдіс - тәсілдері» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Сабаққа мақсат қоюдың тиімді жолдарын көрсетіп, смарт мақсатқа жетудегі әдіс-тәсілдерді түсіндірді. Оқушы қызығушылығын, сабақтың тиімділігін арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерге тоқтады, оқушыларымен өткен күнделікті сабақтарын видео көрсету арқылы бөлісті. 
Білімді, кәсіби маман ұстаздар Қалбергенова Эльмира Елтайқызы  мен Отенова Дильдаш Демеубекқызы  өткізген шебер-сыныптан соң институт оқытушылары, студенттер кері байланыс жасап, ризашылықтарын білдірді. 
Шебер-сыныпты ұйымдастырушы, университет оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Сатемирова Дариға Амантайқызы ректор  Б.Тілептің алғыс хатымен марапаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: