"Салауатты тамақтану" жобасы аясында "Дәмдер дауласады" тақырыбында іс-шара өткізілді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Салауатты тамақтану" жобасы аясында "Дәмдер дауласады" тақырыбында іс-шара өткізілді.
12
сәуір
2024

"Салауатты тамақтану" жобасы аясында "Дәмдер дауласады" тақырыбында іс-шара өткізілді.

2024 жылдың 10 сәуір күні "Салауатты тамақтану" жобасы аясында "Дәмдер дауласады"  тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараны мектебіміздің директоры Шырынкүл Зейнуллақызының бастамасымен және ДОІЖО Ж.А.Джапбасбаева, ДОІЖО А.Б.Есжанованың  ұйымдастыруымен Алатау ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Б.Смагулованың қатысуымен , Қазақ Тағамтану Академиясының бас ғылыми маманы  Кайнарбаева Майкул  Сайдуллаевна , Асфендияров атындағы ҚазНМУ-дың  нутрициолог мамандары Ергешбаева Раушан Богдановна және Чуенбаева Ардак Байбараковнамен кездесу өткізілді. Мақсаты: Балалардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін дамыту. Оларды әр түрлі пайдалы жеміс-жидектер және көкөністермен таныстыру. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету. Балаларға көкөністерге деген сүйіспеншілікті ояту. Іс-шара барысында мектебімізге келген нутрициолог мамандар 3-сыныптың 282 оқушысын қамтыды. Әр түрлі слайдтар арқылы  ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мен көкөністерге деген қызығушылыққа шабыттандыру өте маңызды екендігі туралы айта отырып, ағзаға  пайдалы тағамдардың күнделікті тұтыну мөлшерін, көкөністердің түрлерін көрсетіп өтті. Оқушылардың күнделікті тұтынатын тағамдарын және мүлдем тұтынбайтын тағамдарын сұрақ қою арқылы анықтады. Сергіту ойындарын жүргізіп, оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/1091351155412092/​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: