» » «Қамқорлық» республикалық акциясы

 
 
 

«Қамқорлық» республикалық акциясы

Автор: admin2 от 18-01-2017, 04:00, посмотрело: 71

0 Алматы қаласы Алатау ауданы №149 ЖББ мектебі бойынша
«Қамқорлық» республикалық акциясы
10 қаңтар мен 10 ақпан арлығы
2016 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» жалпы республикалық акциясының жұмыс жоспары жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Акцияның негізгі міндеті - көп балалы, қамқорлыққа алынған, жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындалуға және әлеуметтік жағдайлар бойынша мектепке қамтылмай қалмауын алдын алу. Бүгінгі таңда ісімен, жомарттылығымен жәрдем берген ЖШС «КазФуд» директоры Ж.Қазиева мектеп асханасының арендаторы жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балаларына 18000 (он сегіз мың) теңге есебінде 6 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Екінші міндеті оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау болып табылады. Осы мақсатта акция барысында «қауіпті топ» тобындағы балаларды анықтау, оның ішінде ата-анасының қарауынсыз және қадағалауынсыз қалған балаларды, қолайсыз және мигрант отбасындағы балаларды, оқудан жалтарған балаларды, бала еңбегінің ең ауыр түрлеріне тартылған және т.б. бойынша мобильді топ мектептердің шағын учаскелерін, шаруашылықтарды аралап отыр. Рейдте мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымы, инспектор және ата-аналар комитетерінің төрайымы бірлесе жұмыс атқарып отыр.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,-дегендей адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяу, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізімізді білдіріп, қолдан келген жәрдемімізді көрсетейік. Қайырымдылық жасау - адамзаттық борышымыз екенін ұмытпайық!!!



Орындаушы:
әлеуметтік педагог
Ж.А.Жапбасбаевашаблоны для dle

Категория: мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.