Бастауыш сынып мұғалімі Жандаралова Гүлбаршын Токеновна ашық сабақ өткізді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып мұғалімі Жандаралова Гүлбаршын Токеновна ашық сабақ өткізді.
04
ақпан
2022

Бастауыш сынып мұғалімі Жандаралова Гүлбаршын Токеновна ашық сабақ өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімі, 3 "В" сынып жетекшісі Жандаралова Гүлбаршын Токеновна бастауыш сыныптарының он күндігі аясында қазақ тілі пәнінен "Негізгі және туынды зат есім" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру, негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау, жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Мұғалім жаңа сабақтың алдында алдымен психологиялық ахуал қалыптастырып, өткен сабақта алған білімдерін пысықтады. Оқушыларды «әншілер», «суретшілер», «бишілер» тобына бөліп, «Доп лақтыру» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Оқушылар белсенділік білідіріп, өздерінің топтарымен жақсы жұмыс жасады. Сабақ соңында «сергіту сәті» ұйымдастырылып, сабақ қорытындыланып, үйге тапсырмаларды алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: