"Директорлық сенбі- ата-ана үні» онлайн –кездесу » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қазан
2021

"Директорлық сенбі- ата-ана үні» онлайн –кездесу

Алматы қаласы, Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте "Директорлық сенбі- ата-ана үні» онлайн –кездесу 23.10.2021 жылы ұйымдастырылды. Жиналыста мектеп директоры Ш.Зейнуллақызы жиналыс барысында оқушылардың білім сапасы, үлгерімі, санитарлық талаптар мен тағы да басқа мәселелері қаралды. 
Мақсаты: оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі, құқықбұзушылық - құлықтың алдын алу, ата-аналармен серіктестікті нығайту, психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету. Кездесуге 10-11  сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 
Мектеп директоры  Ш.Зейнуллақызы ата- аналарды кездесу мақсатымен таныстыра отырып, ашық алаңда онлайн тілдесуге шақырды.
11 сынып оқушыларының  І- тоқсанда мектепке дәстүрлі оқуға келгені оқушылар тарапынан жауапкершілік пен тәртіптің артуына септігін тигізгені, балаларының сабақтарына, ҰБТ-ке дайындықтарын күшейткендері ата-аналарды қуантады.
Мектеп психологы З.А.Дегенбаева «Ұлттық біріңғай тестілеуге психологиялық түрғыдан ата-аналарға кеңес» беруі орынды болды.
Оқушыларды ҰБТ –ке психологиялық тұрғыда дайындау жұмыстарын жалғастыру, психологтың жеке жұмыс жүргізуіне ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, жиналыста қазіргі таңдағы қоғам дертіне айналған "Электронды темекінің зияны және оның алдын-алу" жолдары айтылды. 
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" дәстүрлі кездесуге айналатыны туралы ата-аналарға ақпарат берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: