Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қыркүйек
2021

Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты

Қалбергенова Эльмира Елтайқызы Алматы қаласы Алатау ауданындағы 149ЖББ мектебінде қызмет ететін білікті ұстаздардың бірі.
Панфилов педагогикалық училищесін, Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогика университетінің филология факультетін үздік дипломмен  және аспирантурасын бітірген.
 Еңбек өтілі 29 жыл. Алматы қаласының "Жыл мұғалімі—1999" қалалық байқауының Бас жүлдегері. ҚР Білім беру ісінің үздігі. ҰТО-ның құрастырушы және сараптамашысы. Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО орталығының тест құрастырушысы.
 Эльмира Елтайқызының әдебиетші, тіл маманы ретіндегі тағы бір қыры оның көркемсөз оқудағы ерекше шеберлігі. Кез келген өлеңді, қарасөзді қоңыр, жағымды мәнерлі дауысымен нақышына келтіре оқиды. Сөз өнерін жанындай сүйіп, қастерлейтін Эльмира Елтайқызы халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларың қатысушысы. 2020-2021 оқу жылында "Кеңшіліктану" атты авторлық бағдарламасы жарыққа шықты.
 Эльмира Елтайқызы—біздің мектебіміздің мақтанышы. Ұстаздық қабілеті, интеллектісі өте жоғары, жаңашыл ұстаз. Табиғатында кішіпейіл, инабатты ұстаз,  өз  әріптестерінің арасында "Үлкенге - құрмет, кішіге- ізет" көрсете алатын ерекше тұлға иесі.
  Биылғы оқу жылында Алматы қаласы әкімінің арнайы грантына үміткер Эльмира Елтайқызына мектеп ұжымы атынан сәттілік тілей отырып, жеңіспен келуіңізге сенім артамыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: