«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет»
12
қазан
2021

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет».

2021 жылы 09 қазан күні, сағат 12.00-де ZOOM платформасымен Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында мектептің ұжымымен жиналыс өткізілді. Жиналысымыздың мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға бағытталған. Осы бағытта мектеп директоры: Шырынкул Зейнуллақызы сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында құқықтық түсіндірме жұмыстары жайлы айтып өтті. Мектеп ұстаздары да өздерінің пікірін айтып ой бөлісіп отырды.

Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтіреді. Сондықтан, кез келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілу керек деген пікір білдірді. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, болдырмау үшін жеке және заңды тұлғалармен жұмыс барысында заңсыз қатынастарға жол бермеуге бағытталған мәселелер талқыланды. Жиналыс соңында мектеп директоры: Шырынкул Зейнуллақызы, Елбасымыздың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы екендігін түсіндіріп айта кетті. Алдағы уақытта осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген іс-шаралар мен үлес қосамыз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: