Жақсылық –игіліктің қайнар көзі. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
тамыз
2021

Жақсылық –игіліктің қайнар көзі.

Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды демекші,жанымызда жүрген жүрегі мейірімділіктің мекеніне айналған тұлғалардың көптігі көңіл қуантады. Қамқорлыққа мұқтаж жандарға жан жылуын сыйлап ,жақсылық жасаудың алдыңғы легінде жүрген Алматы қаласы Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектеп басшысы Шырынкүл Зейнуллақызының бастамасымен мектеп ұжымының ұсынған әлеуметтік көмегі мектебімізде оқитын көп балалы ,аз қамтылған отбасылардың қуанышына себеп болды. Жыл сайын өткізілетін « Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Бүгінгі таңда мектеп ұжымы бастаған игі іс әлеуметтік жағдайы нашар ,аз қамтылған көп балалы отбасылардан шыққан 10-отбасыға мектеп құралдарын таратты. Мен тарыдай жақсылық қылсам,таудай зұлымдылығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп,адам атануға ұялмаймын –демекші ата- бабаларымыздың нақыл сөздері бекер айтылмаған. Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып,ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол-кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді. Осындай іс-шаралар өз жалғасын таба берсін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: