"Ел жастары" бағдарламасы негізінде "Қарым-қатынас жасауға үйрену" тақырыбында сынып сағатын өтті. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ел жастары" бағдарламасы негізінде "Қарым-қатынас жасауға үйрену" тақырыбында сынып сағатын өтті.
15
наурыз
2022

"Ел жастары" бағдарламасы негізінде "Қарым-қатынас жасауға үйрену" тақырыбында сынып сағатын өтті.

Қарым-қатынас – бұл табыс пен өмірлік мақсаттарды іске асыруға жетелейтін негізгі құрал.
Мектебіміздің 6 "Ә" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Базарбаева Г. А.
"Ел жастары" бағдарламасы негізінде "Қарым-қатынас жасауға үйрену" тақырыбында сынып сағатын өтті. Сабақ барысында қарым-қатынастың 10 қағидасы жайында таныстырып, оқушылармен психологиялық ойын ұйымдастырды. 
1. Ыңғайы келсе адамдарды әрдайым қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз оларға күш-қуат береді.
2. Ешкімді ешқашан келемеждеп, қорламаңыз.
3. Адам жайлы тек жақсы нәрсе айтыңыз. Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, онда үндемегеніңіз дұрыс.
4. Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануға емес, шын мақтауға себеп табылады.
5. Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауға тырысыңыз. Егер ол адам сіздің көзіңізде әлі бекзаттық пен ақылын көрсете қоймаса, оны бәрібір сондай адам ретінде қабылдаңыз. Сол кезде ол адам міндетті түрде соған сай болуға тырысады.
6. Елдер сізді тыңдасын десеңіз, онда бұйырып емес, ұсынып үйреніңіз.
7.  Адамдарға қызық боламын деп емес, оларға қызығып өмір сүріңіз.
8. Жымиып жүріңіз.
9. Тыңдап үйреніңіз және аз сөйлеңіз.
10. Кешірімді болыңыз. Міне осы қағидаларды ұстанған жан, өмірде де, ұжымда да беделді болмақ!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: