"Мектепке жол" Республикалық акциясы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
тамыз
2023

"Мектепке жол" Республикалық акциясы

Хабарландыру‼️‼️ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің  алдын алу мақсатында "Мектепке жол" Республикалық акциясын өткізеді. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік министрліктің бастамасы "Жақсылық жасау" ұранымен өткізіледі. Осыған байланысты аталған іс-шараны іске асыру кезінде 2023 жылы "Мектепке жол" Республикалық акциясын өткізудің қоса берілген Тұжырымдамасына сәйкес басшылыққа алу ұсынылады. Акцияның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы 2023 жылдың 30 қыркүйекте. 
Акцияның мақсаты: 
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Құрметті демеушілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар!‼️‼️
Акцияны ұйымдастырушылар өз қаласының барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлестеріңізді қосуға шақырады.
Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызға шақырамыз! 
Мектеп әлеуметтік педагогы: Жакипбекова Айгерим Едилбаевна  
Тел.:87074637668

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: