Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
26
шілде
2022

Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.

✅ Алматы қаласы Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
 ✅ Акция 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
 ✅ Акцияның мақсаты:
 Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
 ✅ Қосымша ақпараттарды мектептің ресми сайты мен жедел желілер арқылы білуге болады: Алматы қаласы Алатау ауданы Айгерім-2 ықшамауданы Бенберин көшесі №52 мекен-жайы бойынша орналасқан «№149 жалпы білім беертін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефоны: 8727-247-45-47.
 
Әлеуметтік педагог: Д.Т.Сисенгалиева

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: