Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жыл. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қараша
2023

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жыл.

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130  жыл.
     17  қараша қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің ұйымдастыруымен 
"Мен балаң жарық күнде сәуле құйған" атты әдеби кеш өткізді.
Кеш мақсаты:  Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен , қазақ әдебиетінің талантты ақыны, Алаштың ардақтысы С.Торайғыровтың шығармаларын оқып білуге, поэзияны сүюге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, рухани танымын кеңейту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Кеш қонағы Әбу  Насыр  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы арнайы шақырылды. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Елтайқызы жүргізіп отырды.
Ары қарай кешіміз "Батырлар ұраны" әнімен жалғасын тапты. 
Кештің бірінші бөлімінде мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа  оқыды.
«Құлағым бітелген жоқ» Батырбек Айгерім 
 «Байлық» Қайратқызы Аружан 
«Қос үй»  Бүркіт Аружан 
«Қазақ тілі» Еркінбекқызы Ағажай
«Жақсылық көрсем өзімнен»            
Тимур  Балжан  
«Секілді өмір қысқа» Амирханова Айсұлу
«Қызық қандай адамды қыздырады» Қырықбай Нұрасыл
«Жүрегім тулап шабасың» 
Мәлтік Бақдәурен 
«Досыма» Аманжол Мирас 
«Түспейді жазсам жазу қара тасқа» 
Төлеген Дәулет. "Ізбасар оқу орталығының" домбырашылары 
 «Нар ағаш» күйін шертсе, Қыдырбаев Ізбасар   «Жаса, елім» әнін шырқады.
   Кештің екінші бөлімінде бүкіл саналы ғұмырын Алаш әдебиетін, XX  ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеуге арнаған Өмірхан Әбдиманұлы бастады. Сұлтанмахмұт шығармашылығына әр кезеңде қалам тартып, көлемді еңбектерін жариялаған ғалым Сұлтанмахмұт еңбектері туралы сөз қозғап, оқушыларымыз қойған сұрақтарға жауап берді.
    Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- дегендей, ақын есімі, оның асыл мұралары халқы бар да , оның шығармаларын жатқа айтатын ұрпағы бар да еш ұмытылмақ емес!
      Кештің қорытынды сөзін мектеп директоры Ш.Зейнуллақызы мен директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Алпысова Ардақ Махметқызы және  
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Гулнар Каримханқызы аяқтады.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/881298116619221/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: