10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Менің Отаным-Қазақстан" атты салтанатты шара өткізілді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Менің Отаным-Қазақстан" атты салтанатты шара өткізілді.
15
желтоқсан
2023

10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Менің Отаным-Қазақстан" атты салтанатты шара өткізілді.

Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте 10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Менің Отаным-Қазақстан" атты салтанатты шара өткізілді.
Мақсаты: Туған елге ,Отаннын қастерлеуге шыншылдыққа, патриоттыққа тәрбие беру.         Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – қазақ үшін ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Біз сан ұрпаққа арман болған тәуелсіздікке ғасырлар бойғы бабаларымыздың қанымен, аналарымыздың көз жасымен, «мың өліп, мың тіріліп» жүріп қол жеткіздік. Сондықтан құны қанмен, көз жасымен, намыспен, армен өлшенетін тәуелсіздігіміздің бағасын біліп, қадір тұтып, оны қырағылықпен, үлкен жауапкершілікпен қорғап, мәңгілік елге айналдыру – біздің парызымыз. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 32 жыл. Мерекелік жиын 10 сынып оқушыларының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: