Көркемөнерпаздар байқауы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ақпан
2024

Көркемөнерпаздар байқауы

Алатау ауданы № 149 ЖББ мектепте 8 ақпан күні мектеп оқушылары арасындағы «Көркемөнерпаздар байқауы» өткізілді. 
Байқаудың мақсаты: оқушылардың туған жерге, елге, мемлекетке деген ұлттық, патриоттық сезімін ояту,  арттыру; 
балалар шығармашылығына қолдау көрсете отырып, белсендідіктерін жетілдіру. 
Байқауды 2 “А” сынып оқушылары  “Үш бақытым” әнін хормен бастады.
Вокал жанры бойынша 
4 “Д” сынып оқушысы Ғаниқызы Алина “Туған жердей жер болмас” әні, 
6 “Ә” сынып оқушысы Сайлау Мирас “Жақсы адамдарым” әні, 
дуэт 3 “Ғ” сынып оқушылары Ершатұлы Ерасыл мен Жұмағали Ақнұр “Қазақстан” әні, 
дуэт 2 “Б” сынып оқушылары Тоқтағұл Айзере мен Жұмаділ Инабат “Отаным” әні 
Аспаптық жанр бойынша 
5 “Ә” сынып оқушысы Айдархан Дамир “Еңбек термесін” домбырамен орындаса, Әбіш Нұрай, Әбіш Бақкелді, Байтік Нұрсұлтан “Ерке сылқым” күйін орындады. “Салтанат” күйін күмбірлетіп, 
9 “Д” сынып оқушысы Нұрланұлы Аян орындады.
 “Афина” би тобы “Сақ аруы” мен “Египет” биін мың бұрала биледі.
 10 сынып оқушылары “Келіндер қозғалысы” қойылымын қойды. 
 Жетекшілер: Музыка пәнінің мұғалімідері З. Мухатаева,  
Р.Үсенбаева,  М.Қабанбаева және ҚББ педагогы М.Жонусов.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/1808861142918192/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: