«Өз жұлдызыңды жақ» мектепішілік байқауы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
наурыз
2024

«Өз жұлдызыңды жақ» мектепішілік байқауы

19.03.2024 ж. күні жас педагогтердің  «Өз жұлдызыңды жақ»  мектепішілік байқауы  өтті.
Байқаудың мақсаты: жас педагогтердің  әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Байқау төрт кезеңнен тұрды:
I тур – « Менің мамандықтағы алғашқы қадамым» тақырыбындағы эссе түріндегі шығармашылық жұмыс.
II тур – «Менің педагогикалық тұжырымдамам». Слайд-презентация түрінде жас мұғалімнің педагогикалық тұжырымдамасы мен жеке әлеуетін көрсету.
III тур – «Менің алғашқы сабағым» (видео). Презентацияда баяндалған тұжырымдамалық негіздерге сәйкес құрылған мұғалімнің сабағы.
IV тур – «Менің тәрбие сағатым» (видео). Презентацияда баяндалған тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес құрылған мұғалімнің тәрбиелік іс-шарасы.
Байқау қорытындысы бойынша Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,Тельтаева Динара Динмухамбетовна І орын;
Информатика пәнінің мұғалімі, Рысбаева Гүлнәз Құнанбайқызы 
І орын;
Химия пәнінің мұғалімі, Шадиева Феруза Абдиашимқызы І орын; Информатика пәнінің мұғалімі Какиева Айгерім Бақытжанқызы ІІ орын;
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Бейсенбаева Сандугаш Оразбаевна ІІ орын;
Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Жұмашева Самал ІІІ орын; Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Қабылан Айдана Базарханқызы ІІІ орын.
Ауданға І орын алған мұғалімдер жолдама алды.
Құттықтаймыз!
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/7116836781776117/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: