9-10 сынып қыздары арасында «Қыз-ұлттың айнасы» байқауы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-10 сынып қыздары арасында «Қыз-ұлттың айнасы» байқауы
02
сәуір
2024

9-10 сынып қыздары арасында «Қыз-ұлттың айнасы» байқауы

Мектебімізде Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге  бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыру мақсатында 9-10 сынып қыздары арасында «Қыз-ұлттың айнасы» байқауы өтті. 
Байқауға 9 ару қыздарымыз қатысты. 
Байқау шарттары:
1. «Ұлттық киім асыл мұра» ұлттық киім үлгісінен этнодефиле;
2. «Сәлем сөздің анасы» өзін-өзі таныстыру;
3. «Білгенге маржан» салт-дәстүрге, ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап;
4. «Оқу- ой азығы» қазақ әдебиетіндегі классикалық көркем шығарманы насихаттау мақсатында бейнежазба дайындау;
5. «Талантыңмен таң қалдыр» өз өнерін көрсету;
Әділ-қазылар алқасының мүшелері
Мектеп директоры Ш.Зейнуллаева; Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алпысова; Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Жанибекова; Мектеп психологы М.Базарбаева.
Байқауды ұйымдастырушы ҚББ педагогы Г.Базарбаева.
Қорытынды бойынша
9 “Ә” сынып оқушысы Марат Жансая мен 
9 “Б” сынып оқушысы Мырзабек Эльнара қатысқаны үшін марапатталды.
ІІІ орын иегерлері 
9 “А”сынып оқушысы Еркінбекқызы Ағажай мен 10 “А” сынып оқушысы Мусалиева Айгерім және 9 “З” сынып оқушысы Саит Аружан 
ІІ орын иегерлері 9 “Г” сынып оқушысы Якупова Ясмина мен 10 “Ә” сынып оқушысы Жақсыбек Мереке, 
І орын иесі 10 “В” сынып оқушысы Уразалиева Айгерім. Бас жүлдені  Жақыпбек Гулзира иеленді. Сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Ауданға жолдама алған аруымызға сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: