“Адал Ұрпақ” еріктілерді мектеп клубына қабылдау рәсімі өткізілді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Адал Ұрпақ” еріктілерді мектеп клубына қабылдау рәсімі өткізілді.
28
қазан
2021

“Адал Ұрпақ” еріктілерді мектеп клубына қабылдау рәсімі өткізілді.

№149 ЖББ мектепте “Адал Ұрпақ” еріктілерді мектеп клубына қабылдау рәсімі өткізілді. Еріктілерді қабылдау Мәжіліс залында салтанатты түрде өткізілді. Салтанатты жиынымызды Мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызының басқаруымен, “Адал Ұрпақ” ерікті мектеп клубына әдеп және сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Индира Мейрамбекқызы және қосымша білім беру педагогі Айдана Нұржанқызы, аға тәлімгер Қарлығаш Қаламханқызы қабылдады.
“Адал Ұрпақ” ерікті мектеп клубының мақсаты: Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру, оқушыларды рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, оқушылардың саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру, адамгершілік эстетикалық құндылық негіздерін қалыптастыру. Еріктілер қатарына 9 сынып оқушылары мүше болды. Клуб басшысы болып 9 “А” сынып оқушысы Махаметов Али сайланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: