«Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде арттыру»
20.02.2026ж. Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде арттыру» бағдарламасының тұжырымдамасын іске асырудың жұмыс жоспары бойынша Асқарбек Қабыкенұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында мектептің жылдық жоспарының орындалу барысы, педагогикалық ұжыммен ашық форматта пікір алмасу, ақылдасу, тәжірибе алмасу сабақтарына қатысып, әдістемелік ұсынымдар, тәрбие жұмысының өзекті мәселелері көтеріліп, профилактикалық бағыттағы жұмыстарға талдау жасалды.