Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“BOOKLand” жазғы лагері
01
маусым
2026
“BOOKLand” жазғы лагері
Алатау ауданы №149 ЖББ мектептің жанынан “BOOKLand” жазғы лагері ашылды. Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды қабылдап алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі таңертеңгілік жаттығумен өз жұмысын бастады. “BOOKLand” мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өз деңгейінде өтті. Қазақстан Республикасының Мемілекеттік Әнұраны орындалды. Оқу ісінің меңгерушісі Джапбасбаева Жұлдыз Аязбекқызы балалардың жазғы лагерьді көңілді өткізуіне сәттілік тіледі. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау
Бала бақша балаларының №149 мектепке саяхаты
06
мамыр
2026
Бала бақша балаларының №149 мектепке саяхаты
Бала бақшалардан 1-сыныпқа қабылданатын болашақ оқушылар №149 мектепке саяхатқа келді. Саяхат барысында балалар мектеппен танысып, сынып бөлмелерін, асхананы, кітапхананы және спорт залын аралады. Мұғалімдер бүлдіршіндерге мектеп өмірі туралы қызықты мәліметтер айтып, түрлі ойындар мен таныстыру жұмыстарын өткізді. Балалар мектеп партасына отырып көріп, өздерін болашақ оқушы ретінде сезінді. Бұл саяхат олардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында 6-сыныптарға  ата-аналар жиналысы өтілді.
05
ақпан
2026
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында 6-сыныптарға
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығы  2026 жылғы 5 ақпан күні «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында 6-сыныптарға  ата-аналар жиналысы өтілді. Мақсаты: Отбасының бала тәрбиесіндегі жетекші рөлін түсіндіру; Ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін арттыру, бала тәрбиесіндегі ортақ ұстанымдарды қалыптастыру; Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту; Баланың тұлғалық, рухани-адамгершілік дамуына отбасылық тәрбиенің әсерін көрсету; Ата-аналарды бала тәрбиесінде
Ұлттық бірыңғай тестілеуге  енгізілген өзгерістерімен таныстыру үшін ата-аналардың қатысуымен кең ауқымды жиналыс өтілді
24
қазан
2025
Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістерімен таныстыру үшін
Алатау ауданы  №149 жалпы білім беретін мектепте  Ұлттық бірыңғай тестілеуге  енгізілген өзгерістерімен таныстыру үшін ата-аналардың қатысуымен кең ауқымды жиналыс өтілді. Жиналыста ата- аналарға кәсіби бағдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар тарапынан қойылған  көп сұрақтарға   нақты жауап берілді.
«Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары
09
қазан
2025
«Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің
 Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Интеллектуалды даму мектебі және «Зерделі» оқу орталығымен бірлесіп 4-сынып оқушыларына арналған  «Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан №149ЖББ мектептің 4-сынып құрама командасы жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Жақсылық жасасаң – жүректерге нұр құясың!
29
тамыз
2025
Жақсылық жасасаң – жүректерге нұр құясың!
Мектебіміздің әлеуметтік осал топтағы, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылары үшін үлкен қамқорлық пен қолдау көрсету – қоғам алдындағы ең ізгі міндеттердің бірі. Осы орайда дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларымызға қуаныш сыйлау мақсатында жасалған қайырымды іс баршамызға үлкен үлгі болды. Алдымен, осындай игі бастаманы ұйымдастырып, жанашырлық танытқан мектебіміздің басшысы Ш.Зейнуллаеваға зор алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, жас ұрпақтың болашағына
2025–2026 оқу жылына арналған "Мектепке жол" республикалық акциясы басталды!
31
шілде
2025
2025–2026 оқу жылына арналған "Мектепке жол" республикалық акциясы
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы биыл да өз жалғасын табуда. Акцияның басты мақсаты — аз қамтылған, көп балалы, қиын жағдайдағы отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету. Акция мерзімі: 1 тамыз – 30 қыркүйек 2025 жыл Сіз де үлес қоса аласыз! Акция аясында мектеп формасы, кеңсе тауарлары, сөмкелер және оқу құралдарын сыйға тартып, балалардың болашағына жол ашуға атсалысыңыз!  Қайырымдылық жасау —
Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
14
мамыр
2025
Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
2025 жылы 12-16 мамыр аралығында елімізде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өз жұмысын бастады.  Бұл іс-шараның мақсаты: қыздардың гигиеналық және рухани мәдениетін тәрбиелеу, репродуктивті денсаулықты сақтауға және нығайтуға ықпал ететін дағдыларды үйрету туралы әңгімелесу қажеттілігі болды.   №14 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Г.Рысбековамен маңызды
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 37 Вперед