Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бала бақша балаларының №149 мектепке саяхаты
06
мамыр
2026
Бала бақша балаларының №149 мектепке саяхаты
Бала бақшалардан 1-сыныпқа қабылданатын болашақ оқушылар №149 мектепке саяхатқа келді. Саяхат барысында балалар мектеппен танысып, сынып бөлмелерін, асхананы, кітапхананы және спорт залын аралады. Мұғалімдер бүлдіршіндерге мектеп өмірі туралы қызықты мәліметтер айтып, түрлі ойындар мен таныстыру жұмыстарын өткізді. Балалар мектеп партасына отырып көріп, өздерін болашақ оқушы ретінде сезінді. Бұл саяхат олардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  
«Шаршаудан шабытқа» атты арт-терапиялық тренинг
13
сәуір
2026
«Шаршаудан шабытқа» атты арт-терапиялық тренинг
Кейде мұғалімнің жылы күлкісінің артында үлкен шаршау жатады… Күнделікті жауапкершілік, балалардың эмоциясы мен қарбалас — бәрі көп күш пен ресурс талап етеді. Ал сол күшті қайдан аламыз? ✨ Психологтар бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Шаршаудан шабытқа» атты арт-терапиялық тренинг өткізді. Жылы әрі қолдаушы атмосферада ұстаздар бір сәтке тоқтап, өздеріне көңіл бөлуге мүмкіндік алды 💛 Сурет, түс және шығармашылық арқылы қатысушылар ішкі сезімдерін жеткізіп, жиналған кернеуді босатып, жаңа
«Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде арттыру» бағдарламасының тұжырымдамасын іске асырудың жұмыс жоспары бойынша Асқарбек Қабыкенұлымен  кездесу өтті.
20
ақпан
2026
«Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде арттыру»
20.02.2026ж. Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде арттыру» бағдарламасының тұжырымдамасын іске асырудың жұмыс жоспары бойынша Асқарбек Қабыкенұлымен  кездесу өтті. Кездесу барысында мектептің жылдық жоспарының орындалу барысы,  педагогикалық ұжыммен ашық форматта пікір алмасу, ақылдасу, тәжірибе алмасу сабақтарына қатысып, әдістемелік ұсынымдар, тәрбие жұмысының өзекті мәселелері көтеріліп, профилактикалық бағыттағы жұмыстарға талдау жасалды.
5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі жеңімпаздары
11
қараша
2024
5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың мектепішілік
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы Дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жөніндегі орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен №149 ЖББ мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтіп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагира Утегеновна жіңімпаз оқушыларды құттықтап марапаттады. Олимпиада қорытындысы Ағылшын тілі пәнінен   5-сынып
“Эссені неден бастау керек?” тақырыбында коучинг
02
мамыр
2024
“Эссені неден бастау керек?” тақырыбында коучинг
Жас мамандар апталығы Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Есназар Таңсұлу Мәуленбекқызы “Эссені неден бастау керек?” тақырыбында коучинг өткізді. Мақсаты: ұстаздарға эссе жазудың алғашқы қадамдарын үйрету. Құрылымын түсіндіру. Схема құру және соған сүйене отырып эссе жазу.  Практикалық жұмыс. Бұл коучинг барысында мақсатта көрсетілген жұмыстардың барлығы жүргізілді. Эссенің карта-схемасын, құрылымын түсінгеннен кейін оқушылар сол схемаға сүйене отырып, аргументтік эссе
«MODO, PISA» тақырыбында   орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық  семинар өтті.
29
сәуір
2024
«MODO, PISA» тақырыбында орыс тілі және әдебиеті пәнінің
25.04.2024ж. Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте  Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы  Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтынан  «Педагогика және пәндік әдістеме» кафедрасының аға оқытушысы А.С. Ыбышева,  Алатау ауданы Білім бөлімі  методисі А.Б.Смагұлованың ұйымдастыруымен бірлескен «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту». «MODO, PISA» тақырыбында   орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған
"Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері" тақырыбында семинар
25
сәуір
2024
"Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері" тақырыбында семинар
Жас мамандар онкүндігі аясында арнайы педагог маман Айтқажы Арайлым Ерболқызы және логопед маманы Мухамедиярова Жұлдыз мектеп ұстаздарына "Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері" тақырыбында семинар өткізді.  Мақсаты: Инклюзивті білім беруде арнайы педагог пен логопед мамандарының жұмысымен таныстыру. Логопед маманы ұстаздарға артикуляциялық аппарат пен артикуляциялық жаттығуларды және дыбыс қоюды көрсетті. Арнайы педагог ұстаздарға Су-Джок терапиясын, тыныс алу жаттығуларын, массажды жарты
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 29 Вперед