Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“BOOKLand” жазғы лагері
01
маусым
2026
“BOOKLand” жазғы лагері
Алатау ауданы №149 ЖББ мектептің жанынан “BOOKLand” жазғы лагері ашылды. Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды қабылдап алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі таңертеңгілік жаттығумен өз жұмысын бастады. “BOOKLand” мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өз деңгейінде өтті. Қазақстан Республикасының Мемілекеттік Әнұраны орындалды. Оқу ісінің меңгерушісі Джапбасбаева Жұлдыз Аязбекқызы балалардың жазғы лагерьді көңілді өткізуіне сәттілік тіледі. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау
«Білім алушылардың аралық аттестаттау қорытындысы және келесі сыныпқа көшіру туралы»
29
мамыр
2026
«Білім алушылардың аралық аттестаттау қорытындысы және келесі сыныпқа
      2026 жылғы 29 мамыр күні №149 мектеп те  «Білім алушылардың аралық аттестаттау қорытындысы және келесі сыныпқа көшіру туралы» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес жұмысына мектеп әкімшілігі, педагогтер, сынып жетекшілері және педагогикалық ұжым мүшелері қатысты. Кеңес барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, білім алушылардың оқу жетістіктері, аралық аттестаттау нәтижелері, білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштері жан-жақты талданды. Әрбір сынып
«Зерделі ұрпақ» математикалық  олимпиаданың қалақық кезеңі
18
мамыр
2026
«Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиаданың қалақық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы, Интеллектуалды даму мектебі және «Зерделі» оқу орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен 3-сынып оқушыларына арналған  «Зерделі ұрпақ» математикалық  олимпиаданың қалақық кезеңіне қатысқан №149 ЖББ мектептің 3-сынып оқушылары жүлделі 3-орынды иеленді.
Бала бақша балаларының №149 мектепке саяхаты
06
мамыр
2026
Бала бақша балаларының №149 мектепке саяхаты
Бала бақшалардан 1-сыныпқа қабылданатын болашақ оқушылар №149 мектепке саяхатқа келді. Саяхат барысында балалар мектеппен танысып, сынып бөлмелерін, асхананы, кітапхананы және спорт залын аралады. Мұғалімдер бүлдіршіндерге мектеп өмірі туралы қызықты мәліметтер айтып, түрлі ойындар мен таныстыру жұмыстарын өткізді. Балалар мектеп партасына отырып көріп, өздерін болашақ оқушы ретінде сезінді. Бұл саяхат олардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  
«ENGLISH QUEST DIGITAL ADVENTURE» ағылшын тілі бойынша қалалық олимпиада жеңімпазы
23
сәуір
2026
«ENGLISH QUEST DIGITAL ADVENTURE» ағылшын тілі бойынша қалалық
9 және 11-сынып оқушыларына арналған «ENGLISH QUEST DIGITAL ADVENTURE» ағылшын тілі бойынша қалалық олимпиадаға қатысқан 9«А» сынып оқушылары  Батырбек Айгерім 1-орын, Дәулетханқызы Нұрай 3-орын алды. Пән мұғалімі: Жумадиллаева Орынша Каржаубаевна.
«Зерделі ұрпақ» математикалық  олимпиаданың аудандық кезеңі
23
сәуір
2026
«Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы, Интеллектуалды даму мектебі және «Зерделі» оқу орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен 3-сынып оқушыларына арналған  «Зерделі ұрпақ» математикалық  олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан №149 ЖББ мектептің 3-сынып оқушылары жүлделі 2-орынды иеленді.
Республикалық "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі
22
сәуір
2026
Республикалық "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі
22 сәуір күні республикалық "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың "Әбіш Кекілбаев шығармалары бойынша сахналық қойылым" бағыты бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калбергенова Эльмира Елтайқызының жетекшілігімен 10-сынып оқушылары қатысты. Атап айтсақ, 10"А" сыныбынан Асқарұлы Ғанимұрат, Ергеш Саят, Мәлтік Бақдәурен, 10"Б" сыныбынан Абдувахитова Аружан, Досболат Іңкәр, Нағашбай Мақсат.  Шәкірттер Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы бойынша
Аудандық 9-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҮІІІ  "Абайтану" олимпиадасының жеңімпазы
17
сәуір
2026
Аудандық 9-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті
Аудандық 9-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҮІІІ  "Абайтану" олимпиадасының жеңімпазы Батырбек Айгерім ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН  марапатталды. Жетекшісі: Отенова Д.Д.
9-11-сынып оқушыларына арналған Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
16
сәуір
2026
9-11-сынып оқушыларына арналған Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі
9-11-сынып оқушыларына арналған Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 9 "А" сынып оқушысы Бүркіт Аруна ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды. Жетекшісі: Сламбаева Е.Б.  10"Б" сынып оқушысы Ерболқызы Ақерке АЛҒЫС ХАТПЕН  марапатталды. Жетекшісі: Қалбергенова Э.Е.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 107 Вперед