«Шаршаудан шабытқа» атты арт-терапиялық тренинг
Кейде мұғалімнің жылы күлкісінің артында үлкен шаршау жатады… Күнделікті жауапкершілік, балалардың эмоциясы мен қарбалас — бәрі көп күш пен ресурс талап етеді. Ал сол күшті қайдан аламыз? ✨ Психологтар бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Шаршаудан шабытқа» атты арт-терапиялық тренинг өткізді. Жылы әрі қолдаушы атмосферада ұстаздар бір сәтке тоқтап, өздеріне көңіл бөлуге мүмкіндік алды 💛 Сурет, түс және шығармашылық арқылы қатысушылар ішкі сезімдерін жеткізіп, жиналған кернеуді босатып, жаңа