16
қыркүйек
2022
"Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ жазуының реформаторы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті
КММ №149 ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ажибекова Оразгүлдің ұйымдастыруымен, 9-сыныптар арасында ағартушы, аудармашы, әдебиет зерттеуші ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, "Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ жазуының реформаторы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар ағартушының еңбегімен танысып, ұлт ұстазының қазақ тіл ғылымына қосқан үлесі туралы тың мәліметтер алды. Дөңгелек үстел барысында оқушылардың ғалым шығармашылығына қызығушылығы, ізденімпаздықтары байқалды.