Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тұнып тұрған бұлақтың көзін ашқан, бар білім бастауыштан қалыптасқан"
05
желтоқсан
2022

"Тұнып тұрған бұлақтың көзін ашқан, бар білім бастауыштан қалыптасқан"

Алатау ауданы, №149 жалпы білім беретін мектепте 05.12.2022 жылы 3 сыныптардың онкүндік ашық сабақтарының тақырыбы:«Тұнып тұрған бұлақтың көзін ашқан, бар білім бастауыштан қалыптасқан" 4 сыныптардың ұйымдастыруымен онкүндік ашық сабақтың ашылу іс-шарасын өткізілді. Тақырыбы: «Мұхтар Шаханов - 80 жаста». Мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау. 
Онкүндіктің ашылу салтанатында мектебіміздің директоры Ш. Зейнуллаева құттықтау сөз сөйлеп, мұғалімдерге сәттілік тілеп лебізін білдірді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Джапбасбаева Жұлдыз Аязбекқызы апталықтың жоспарымен таныстырды. 2022 жылдың 05-15 желтоқсан күндері аралығындағы онкүндік барысында бастауыш сынып пәндерінің оқытылу деңгейі, оқу бағдарламасының орындалуы, таңдау  курстарының жүргізілуі  зерделенеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: