19
қаңтар
2023
“Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар” тақырыбында ашық сабақ
Көркем еңбек пәні мұғалімі Қуатбеков Бақдәулет Бақытұлы "Эстетика бірлестігі" онкүндігі аясында, "Көркем еңбек” пәні бойынша “Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: қазіргі заманғы технологиялық машина құрылғысын анықтау, жұмыс істеу принципін зерттеу және конструкциялық өңдеу операцияларын жетілдіру, табиғи және жасанды материалдардың түрлерін анықтау.
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрды: ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, практикалық жұмыс, сабақты қорытындылау және бағалау.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өткізіліп, сабақ және оқу мақсатына жеткізілді. Оқушылар теориялық білімін практикада қолдана алды.