05
желтоқсан
2023
“Абайлаңыз, жұқа мұз!” тақырыбында 8-11 сынып оқушылары эссе жазды.
Мектебімізде қысқы кезең, су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, “Абайлаңыз, жұқа мұз!” тақырыбында 8-11 сынып оқушылары эссе жазды.
Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Бірақ тоған, өзен, көл бетіне шығуға асығуға болмайды. Бірінші мұз өте қауіпті.
Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз.
Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.
Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз.
Сулы жерді мұз үстімен өтпек болсаңыз, жабдықталған өткелмен не салынған жолмен өтіңіз. Олар болмаған жағдайда, мұздың қауіпсіздігін сүйменмен тексеріп көріңіз. Мұздың қаттылығын аяқпен тебу арқылы тексеру қауіпті екендігін ескергейсіз;
Мұздан топ болып өткенде тізбекпен жүріп, адамдар арасындағы ара қашықтық 5-6 метрді құрауы тиіс. Және алдағы адамға көмектесуге қашан да дайын болу керек;
Егер аяқ астыңызды мұз жарылып кетсе, бірден мұзға жатып, оқыс қимылсыз қатты мұзға қарай денеңізбен сүйретіліп қозғалыңыз. Мұнан кейін арқаңызда не етпетіңізде жатқан күйі келген жағыңызға қарай қозғалып, көмекке шақырыңыз деген сияқты қауіпсіздік шаралары айтылды.