29
қараша
2024
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Тоғыз тосқауыл” танымдық-интеллектуалдық ойын байқауының аудандық кезеңі
Оқушы жетістігі
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Тоғыз тосқауыл” танымдық-интеллектуалдық ойын байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: жасөспірімдердің қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына деген қызығушылығын ояту, ана тіліне деген құрметін арттыру. Оқушылардың білім біліктілігін сараптау арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту, өзара достық қарым-қатынас қалыптастыру, ұлттық рухын көтеру, патриоттық тәлім-тәрбие беру, өзге оқушыларға үлгі ету.
Байқауға Алатау ауданы бойынша 27 мектеп қатысты. Ойын 8-10 сынып оқушыларының арасында жүргізілді. Әр мектептен іріктелген 6 оқушыдан тұратын бір команда интеллектуалды ойынға қатысты. Командалар ойын атына сәйкес тоғыз кезең бойынша сайысқа түсті. Ойын кезеңдері:
«Жаңғырық
«Жыр-дария»
«Сөз асылы»
«Өнеге»
«Жәдігер»
«Мақал-сөздің мәйегі»
«Шамшырақ»
«Мирас»
«Сарын»
Барлық кезең бойынша мектептердің жоғары деңгейде дайындалғаны көрінді.
“Тоғыз тосқауыл” танымдық-интеллектуалдық ойын байқауының нәтижесі бойынша “Ең креативті команда” номинациясына ие болды.
Жеңісті күндер көп болсын!
Жетекшісі: ҚББ педагогы Г.К.Абдула