03
желтоқсан
2024
«Алматы дарыны» орталығы мектеп парламенттері көшбасшыларының арасында аудандық слет өткізді.
Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп және студенттік парламенттерді дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
Мектеп парламенті көшбасшылары 6 тақырып бойынша баяндама қорғады. Баяндамаларда қарастырылған мәселелер: көшбасшылық, көшбасшыға тән қасиеттер, жетістікке жетудің қадамдары, мақсат қою және жоспарлау, мектеп парламенттерін дамыту, өзін-өзі басқару қызметіне және нәтижеге жетуге әсер ететін факторларға байланысты болды. Слет аясында ел игілігіне бағытталған білім алушылардың әлеуметтік жобалары (табысты тәжірибе) презентацияларының көрмесі ұйымдастырылды.
Мектебіміздің президенті 10 “Ә” сынып оқушысы Бакенова Ақтілек қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.