20
желтоқсан
2024
“Қош бол, құтты Әліппем!”
1 “Ә” сыныбымен “Қош бол, құтты Әліппем!” атты тақырыпта ертеңгілік өткізді.
Оқушылар Әліппеден алған білімдерін көрсете отырып, жаттаған өлеңдерін, мақал-мәтелдерін айтты. Қонаққа келген “Әліппе” мен “Ана тілінің” алып келген тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ хор айтып, әр елдің ұлттық билерін билеп, ән салды.
Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар өнер көрсеткен оқушыларға қол соғып, қошемет көрсетіп, алғаш сахнаға шығуларымен құттықтады. Аталмыш мектепті басқарып отырған Шырын Зейнуллақызы.
Әліппе деген алтын жол, Апарар сені алысқа…Иә, бүгін әліппемен қоштасып жатқан балдырғандарымыз - ертеңгі ел ертеңі. Жарқын болашақтың иесі.
Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Біз бүгін сол көріністің куәсі болдық. Тарыдай боп мектеп қабырғасына қадам басқан бүлдіршіндер үшін Иманбекова Бигул Тилеужановна аналарындай.
Бала жанының бағбаны боп жүрген сіздерге мың алғыс, №149 жалпы білім беретін мектеп ұжымы. Ұлттық құндылықты ұлықтайтын, ұлт мүддесі үшін қызмет ететін, елім деп еміреніп тұратын шәкірттеріңіз көп болғай!