08
ақпан
2025
“Заманауи білім берудегі ЖИ мүмкіндіктері” тақырыбында ұстаздар арасында семинар өтті
“Заманауи білім берудегі ЖИ мүмкіндіктері” тақырыбында ұстаздар арасында семинар өтті. Семинар барысында:
1.Canva және оның мүмкіндіктері туралы информатика пәнінің мұғалімі Сихымбаевк Ж.И толыққанды ақпарат беріп өтті.
2.Gemini және оның мүмкіндіктері тақырыбында толық ақпарат беріп өтті.
3.Google платформасының мүмкіндіктерін информатика пәнінің мұғалімдері Коялова А,Шуматова А,Елетаев Е,Какиева А,Рысбаева Г толыққанда платформа туралы айтып өтті.
Мақсаты: Заманауи білім берудегі жасанды интеллектің (ЖИ) мүмкіндіктері
Жасанды интеллект (ЖИ) білім беру саласында үлкен өзгерістерге алып келуі мүмкін. Ол оқыту мен оқу процесін жеңілдетіп, тиімдірек етуге, сондай-ақ әрбір білім алушыға жеке көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.