25
ақпан
2025
“Күш атасы - Қажымұқан. Ырықсыз етіс” тақырыбында ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есназар Тансулу Мәуленбекқызы 6 “Д” сыныбымен “Күш атасы - Қажымұқан. Ырықсыз етіс” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа 12 оқушы қатысты. Оқу мақсаты: Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау,
6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу. Осы мақсатқа сай сабақ барысында “Бес қадам” әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралып, “Панорама” әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді. Әрі қарай “Ойлан, жұптас, бөліс” әдісін қолдана отырып жұптық жұмыс жасатса, “Білім қоржыны” әдісі арқылы оқушылар жеке жұмыстарын морфологиялық талдау арқылы көрсетті. Сабақ соңында “Google” әдісі арқылы кері байланыс алынып, үй тапсырмасы берілді. Ашық сабақққа қатысушы мұғалімдер тарапынан “өз мақсатына жетті” деген баға алды.
