Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2025

Абай Құнанбайұлының туғанына - 180 жыл.

Бастауыш сынып мұғалімі Г.Курманбаеның ұйымдастыруымен ұлы ақын, ағартушы, қазақтың биік тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жыл мерейтойына орай «Абай - ұрпақ жүрегінде» атты әдеби поэзиялық кеш болып өтті.
Ұлы ақын қара сөздері мен өлеңдері тек қазақ халқына емес, күллі адамзат баласына қай істе де жөн сілтеп,бағыт-бағдар беріп тұрады.  Дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу әр қазақ баласының борышы. Әдеби кешке 3 “Ғ” сынып оқушылары Ұлы  ақынның терең ойға толы алуан өлеңдерін, әндерін, сөз өнеріндегі классикалық стильде жазылған қара сөздерін мәнерлеп, табиғат лирикасына және махаббат тақырыбына жазылған біршама өлеңдерін, аудармаларын нақышына келтіріп орындап, көрермендерге жақсы әсер қалдырды. Абайдың поэмаларын жатқа оқыған оқушыларымыз да кештің ажарын аша түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: