Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сәуір
2025

Менің атам-Шубаев Қияқбай Шубайұлы

Менің атам-Шубаев Қияқбай Шубайұлы өмірі мен ерте қоштасты. Оған себеп кенеттен Ұлы Отан соғысының басталуы. 1941 жылы  әскер қатарына алынды. Кезекті бір ұрыста жарылған снаряд жарықшағынан жарақат алды. Беті талқандалып, мұрны мен аузы талқандалды. Білікті дәрігердің күшімен беті ретке келді. 1945 жылы ауылға оралды. Атамның ұрыс даласындағы ерлігінің куәсі болған III дәрежелі “Даңқ”, І дәрежелі “Ұлы Отан соғысы” ордендері, 20-ға жуық мерекелі медалі бүгінде әулетіміздің бойтұмарына айналды. Бұл соғыс еліміз үшін ауыр тиді. Қаншама отбасының шаңырағы ойран болды. Ал дүние есігін ашып, жан-жағын енді біле бастағандар балалықпен ерте қоштасты. Әкеге, бауырға деген сағынышы басылмаған бүтін бір ұрпақ өсіп шықты. Мен де солардың бірімін. Алатау ауданы 8 сынып оқушысы Оразбек Қуанышұлының атасы-Байсақалов Сабыр Сүлейменұлы  дәрежелі “Ұлы Отан соғысы” орденімен марапатталған.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: