14
сәуір
2025
«Цифрлық платформадағы авторлық бағдарлама: Идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар
Алатау ауданы «№149 ЖББМ» КММ ұйымдастыруымен онлайн түрде ZOOM платформасы арқылы «Цифрлық платформадағы авторлық бағдарлама: Идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Мақсаты: Цифрлық платформаларда авторлық бағдарламаны әзірлеу және іске асыру процесін жүйелі түрде қарастырып, оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау. Алатау ауданы білім бөлімінің әдіскері Адамбекова Рита Омаровна алғысөзбен бастап, № 149 ЖББМ/КММ директоры Ш.Зейнуллаева мектепті, авторлық бағдарламаны әзірлеп, ғылыми-тәжірибесімен бөліскелі отырған педагогтерді таныстырып өтті. Семинарға Алатау ауданы, Медеу ауданы Жетісу ауданы, Бостандық ауданы мектептерінің пән мұғалімдері қатысып, өздерінің оң пікірлерімен кері байланыс берді.
