Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025–2026 оқу жылына арналған "Мектепке жол" республикалық акциясы басталды!
31
шілде
2025

2025–2026 оқу жылына арналған "Мектепке жол" республикалық акциясы басталды!

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы биыл да өз жалғасын табуда. Акцияның басты мақсаты — аз қамтылған, көп балалы, қиын жағдайдағы отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету.
Акция мерзімі: 1 тамыз – 30 қыркүйек 2025 жыл
Сіз де үлес қоса аласыз!
Акция аясында мектеп формасы, кеңсе тауарлары, сөмкелер және оқу құралдарын сыйға тартып, балалардың болашағына жол ашуға атсалысыңыз!
 Қайырымдылық жасау — ізгілік пен адамгершіліктің белгісі.
Балаларға қуаныш сыйлап, мектепке сеніммен қадам басуына себепші болайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: