Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
тамыз
2025

Жақсылық жасасаң – жүректерге нұр құясың!

Мектебіміздің әлеуметтік осал топтағы, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылары үшін үлкен қамқорлық пен қолдау көрсету – қоғам алдындағы ең ізгі міндеттердің бірі. Осы орайда дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларымызға қуаныш сыйлау мақсатында жасалған қайырымды іс баршамызға үлкен үлгі болды.
Алдымен, осындай игі бастаманы ұйымдастырып, жанашырлық танытқан мектебіміздің басшысы Ш.Зейнуллаеваға зор алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, жас ұрпақтың болашағына бей-жай қарамай, қолдау көрсеткен:
✨ Алатау ауданы Полиция басқармасының отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы, полиция майоры Абдимомынов Жанаддин Бейбитовичке
✨ Алатау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Агыбаева Назира Мейрамқызына
шынайы ризашылығымызды жеткіземіз. 🙏
Сіздердің қамқорлықтарыңыз – балаларымыздың жүрегінде үміт пен сенім ұялатып, білім жолына жігер берді. Осындай мейірімге толы істер көп болып, игіліктеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: