22
қыркүйек
2025
Тілдер мерекесіне орай өткен «UK and USA Quest» квестінің жеңімпаздары анықталды!
Тілдер мерекесіне орай өткен «UK and USA Quest» квестінің жеңімпаздары анықталды!
Ағылшын тілі пәні бірлестігі мен ҚБА-403 студенттерінің ұйымдастыруымен 18 қыркүйек 2025 жылы 10-сынып оқушылары арасында қызықты және білімді квест өткізілді. Қатысқан сыныптар: 10Б, 10В және 10Г.
Жеңімпаз – 10Б сыныбы! Құттықтаймыз!
Бұл іс-шара барысында оқушылар тек ағылшын тілін меңгеріп қана қоймай, екі елдің мәдениетін, тарихын да тереңірек танып, қызықты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, жеңімпаздар арнайы сертификат пен сыйлықпен марапатталды!
Жеңіс пен жаңа білімдерге жетелеген «UK and USA Quest» ерекше әрі есте қаларлық болды!