08
қазан
2025
Біздің мектепте Мектеп президентін сайлау басталды!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қымбатты оқушылар!
Біздің мектепте Мектеп президентін сайлау басталды!
Егер сен — белсенді, жауапкершілігі жоғары, өз ойыңды ашық жеткізе алатын, сыныптастарыңның мүддесін қорғай білетін оқушы болсаң,
онда дәл қазір Мектеп президенті болуға үміткер ретінде қатыса аласың!
Сайлауға 9-10 сынып оқушылары қатыса алады!!!
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1 талап:
Өзіңді таныстыр
(3 минуттық видео)
Өзіңнің ұсынған бағдарламаң (өзің туралы шағын ақпарат,фото )
2 талап:
Үлгерімі жақсы болуы, мектеп ережесін, тәртібін бұзбайтын;
Мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысуы;
Безендіру жұмыстарына атсалысуы;
Жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қабілеті болуы;
Көшбасшылық қасиеттерге ие болуы.
3 талап:
Мектепті жаңа жаққа өзгертетін және оқушыларға, мектепке пайдасын тигізетін жаңа жобалар ұсыну.
4. Үміткер ретінде өзіңді үгіт- насихаттау (1 мин)
5. Іс-шараларды цифрлық форматта ұйымдастыруды, мектеп жаңалықтарын әлеуметтік желі арқылы кеңінен тарата алатын.
6. Телефон арқылы бейне түсіру және өңдеу қабілеті жоғары;
Видео монтаждау бағдарламаларын (CapCut, InShot, т.б.) меңгере алатын.
Өтініш қабылдау мерзімі: 15 қазанға дейін.
Өтініштерді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсыру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша осы номерге хабарлас: 8747 969 8410
Кел, өзіңді таныт!
Мектеп өміріне үлес қосып, нағыз көшбасшы атан!