16
қаңтар
2026
«ОРТА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕ АРТТЫРУ» пилоттық жоба жетекшісі, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлымен кездесу
Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте «ОРТА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕ АРТТЫРУ» пилоттық жоба жетекшісі, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлымен кездесу өтті. Кездесуде «ОРТА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕ АРТТЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН іске асыруда ескерілетін іс-шараларға тоқталып өтті.
Пилоттық жобаға жұмылдырылған 1,2,5сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері өз пікірлерін ортаға салып, Асқарбек Қабыкенұлына алғыстарын білдіріп, жобаны қолдайтындықтарын жеткізді. Кездесу ақылдасу, жақсы пікір алмасу форматында өтті.