22
сәуір
2026
Республикалық "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі
22 сәуір күні республикалық "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың "Әбіш Кекілбаев шығармалары бойынша сахналық қойылым" бағыты бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калбергенова Эльмира Елтайқызының жетекшілігімен 10-сынып оқушылары қатысты. Атап айтсақ, 10"А" сыныбынан Асқарұлы Ғанимұрат, Ергеш Саят, Мәлтік Бақдәурен, 10"Б" сыныбынан Абдувахитова Аружан, Досболат Іңкәр, Нағашбай Мақсат.
Шәкірттер Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы бойынша "Махаббат мұнарасы" қойылымын сахналап, жүлделі 2-орынды иеленді.
Талантты шәкірттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Шәкірттер Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы бойынша "Махаббат мұнарасы" қойылымын сахналап, жүлделі 2-орынды иеленді.
Талантты шәкірттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!
