01
маусым
2026
“BOOKLand” жазғы лагері
Алатау ауданы №149 ЖББ мектептің жанынан “BOOKLand” жазғы лагері ашылды. Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды қабылдап алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі таңертеңгілік жаттығумен өз жұмысын бастады.
“BOOKLand” мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өз деңгейінде өтті. Қазақстан Республикасының Мемілекеттік Әнұраны орындалды. Оқу ісінің меңгерушісі Джапбасбаева Жұлдыз Аязбекқызы балалардың жазғы лагерьді көңілді өткізуіне сәттілік тіледі.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараның тақырыбы “Ойлы ұлт болудың төте жолы - кітап оқу” “BOOKLand” лагерьінің басты мақсаты - кітаппен дос болу.
“Өнерлі бала- болашақ жұлдыз” тақырыбында балалардың орындауында ән айтылып, би биледі. “Кітап оқитын бала” қойылымы телефон мен кітапты салыстыратын тәрбиелік мәні бар көрініс болды.
Топ жетекшілері өз топтарымен жұмыстарын әрі қарай жалғастырды. “Менің сүйікті кітабым” тақырыбы әр топта өз жалғасын тапты.
Мектеп асханасынан балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мереке күніне орай демеушілер балаларға тегін балмұздақ берді. Лагерьдің алғашқы күні ойдағыдай өтті.