Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өз жұлдызыңды жақ»  мектепішілік байқауы
26
наурыз
2024
«Өз жұлдызыңды жақ» мектепішілік байқауы
19.03.2024 ж. күні жас педагогтердің  «Өз жұлдызыңды жақ»  мектепішілік байқауы  өтті. Байқаудың мақсаты: жас педагогтердің  әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау. Байқау төрт кезеңнен тұрды: I тур – « Менің мамандықтағы алғашқы қадамым» тақырыбындағы эссе түріндегі шығармашылық жұмыс. II тур – «Менің педагогикалық тұжырымдамам». Слайд-презентация түрінде жас мұғалімнің педагогикалық тұжырымдамасы мен жеке әлеуетін көрсету. III
Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтті.
22
наурыз
2024
Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтті.
Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтті. Оған 1000-нан астам адам қатысты.  Батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы адамдар қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Әжелердің шашуы мен ақындардың өлеңі керуен ажарын аша түсті.  Арбадағы киіз үй, қыз күймесі, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелер, сонымен қатар, Жеті қазына нышандары ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің тамыры тереңде екенін еске салды. Керуен Абай атындағы алаңнан бастау алып, Астана алаңында
“Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына - 100 жыл” толуына орай, “Сардар” кешенді олимпиадасы
20
наурыз
2024
“Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына - 100 жыл” толуына орай, “Сардар”
Оқушы жетістігі “Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына - 100 жыл” толуына орай, “Сардар” кешенді олимпиада жарысынан мектебіміздің  11 “А” сынып оқушылары “Калашников автоматын шашу және жинау” номинациясы бойынша, Мелис Сұңқар  ІІІ орын, “Саптық жиыннан” Мұхтарұлы Айтжан ІІІ орын иегерлері атанды. Жетекшісі: Наурызбай Серікболсын Жексембайұлы
Алматы қаласы Алатау аудандық Білім бөлімінің  “Ұлттық спорт күніне” орай өткізілген жарыс жүлдегерлері
20
наурыз
2024
Алматы қаласы Алатау аудандық Білім бөлімінің “Ұлттық спорт күніне”
Алматы қаласы Алатау аудандық Білім бөлімінің  “Ұлттық спорт күніне” орай өткізілген жарыста мектебіміздің оқушылары  “Гір көтеру” ойынынан  І орын, “Асық ату” ойынынан ІІІ орын иегері атанды.  Жетекшілері: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, Б.Терликбаев пен Р. Құдайберген. Құттықтаймыз!
“Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына - 100 жыл” толуына орай, “Сардар” кешенді олимпиада жарысы
20
наурыз
2024
“Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына - 100 жыл” толуына орай, “Сардар”
Оқушы жетістігі “Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына - 100 жыл” толуына орай, “Сардар” кешенді олимпиада жарысынан мектебіміздің  11 “А” сынып оқушылары “Калашников автоматын шашу және жинау” номинациясы бойынша, Мелис Сұңқар  ІІІ орын, “Саптық жиыннан” Мұхтарұлы Айтжан ІІІ орын иегерлері атанды. Жетекшісі: Наурызбай Серікболсын Жексембайұлы
Бес күн бес іс-шара  6 “Д” сыныбы
20
наурыз
2024
Бес күн бес іс-шара 6 “Д” сыныбы
Бес күн бес іс-шара  Мектебіміздің 6 “Д” сыныбы  1-күні оқушыларды Әнұранмен қарсы алды. 2-күн - ұстаз, оқытушы, редактор Сырымбетұлы Бекмырзамен кездесті. 3-күн “Ұлттық киіммен” оқушыларды қарсы алды.  4-күн қалдық заттардан қолөнер бұйымдарын жасады. 5-күн “Спорттық күн” эстафеталық ойындар ойнады. https://www.facebook.com/100014471329338/videos/827725766060302/
"Мәшһүр Жүсіп оқулары" аудандық байқауының жүлдегері
19
наурыз
2024
"Мәшһүр Жүсіп оқулары" аудандық байқауының жүлдегері
"Мәшһүр Жүсіп оқулары" аудандық байқауының "Мәшһүр  Жүсіп  шығармалары және “Ұлы даланың ұлы есімдері" атты қорғау жұмысы бойынша III дәрежелі диплом  жүлдегері  атанған 9 "Ж" сынып оқушысы Алибекова Ақнұр . Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі  Ниязбекова Карлыга Кенжахункызы
19-наурыз “Жаңару” күні
19
наурыз
2024
19-наурыз “Жаңару” күні
19-наурыз “Жаңару” күніне 5 “Г” сынып оқушылары “Менің отбасыммен бір күнім” тақырыбында бейнеролик түсірді. Оқушылар өз үйлерінде аналарына көмектесіп, ағаш отырғызды.  Сынып жетекшісі: А.Өтеген. https://www.facebook.com/100014471329338/videos/1092148628781398/
5-11-сынып оқушылары арасында республикалық "Қадыр оқулары" байқауының аудандық кезеңі
19
наурыз
2024
5-11-сынып оқушылары арасында республикалық "Қадыр оқулары"
Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11-сынып оқушылары арасында республикалық "Қадыр оқулары" байқауының аудандық кезеңінің "Сөзім барда - өзім бар" номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Әбдіғаппар Асылай АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.  Жетекшісі: Калбергенова Эльмира Елтаевна. “Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы..." номинациясы бойынша Елдосұлы Ерсұлтан АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.  Жетекшісі: Абдикадирова Айгерим Амзеевна